«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС Бас директоры

2026 жылдың ақпан айында "Маңғыстауэнергомунай" ЖШС Бас директоры болып - Қуанбек Шәкірұлы Бигалиев тағайындалды.

[img=549,w=200,u=0] 

Қ.Ш.Бигалиев 1968 жылы туылған. 1992 жылы Алматы энергетикалық институтын "Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау" мамандығы бойынша, 2004 жылы Ақтауда Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Маңғыстау монтаждау- реттеу басқармасының Жетібай учаскесінің инженер-реттеушісі болып бастаған. 

Әр жылдары "Өзенмұнайгаз" АҚ құрылымдарында инженер-реттеуші, қабаттық қысымды қолдау цехының бастығы, бас инженер, "Өзенэнергонефть" басқармасының директоры болып жұмыс істеді. 

Тағайындалғанға дейін "Маңғыстауэнергомунай" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

"Маңғыстауэнергомунай" ЖШС Қаламқас және Жетібай кен орындарында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ электр желілеріне технологиялық қызмет көрсетумен айналысады.


Жылдам байланыс

Байланыс


© 2024 Mangistau Energo Munay. Все права защищены. | Разработано Mediana.kz